Созақ: Оқушылар жолда жүру ережесімен танысты

Созақ ауданы, Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде жолда жүру ережесі бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға Созақ АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты, мектеп инспекторы Д.Н.Көпбайұлы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 1-9 сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында жолда жүру ережесін үйрету және қыс мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жол ережесін сақтайық!» «Бала қауіпсіздігі», «Қауіпсіз жол» тақырыбында және оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға жолда жүру ережелерін сақтау бойынша кеңес берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар