Жетісайда «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» атты семинар-кеңес өтті

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Салауатты болашақ» жобасы аясында «Бала қауіпсіздігі — қоғамның басты міндеті» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинарға аудандағы 83 мектептің басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, облыстық Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Гулжан Вероцкая, аудандық әкімшілік және білім бөлімінің қызметкерлері, аудандық прокуратура және аудандық ПБ қызметкерлері, ішкі саясат, халық қалаулылары қатысты.

Семинарда Түркістан облысының Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі, психология ғылымдарының кандидаты Вероцкая Гүлжан Ералықызының физикалық, психологиялық, эмоциналдық зорлық зомбылықтарды анықтау және оны алдын алу туралы жан-жақты зерттеулер жүргізген баяндамасын оқыды.

Жетісай ауданының әкімі Айнабеков Марат Фаритұлы қатысып,семинар-кеңестің модераторы болды.

Жетісай ауданының прокуратурасының прокуроры Н.Аштархан, Жетісай аудандық Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры М.Кадырқұлов, Жетісай ауданының білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Татеев қатысты.

Жиын соңында өзара пікір алмасу болып, балалардың құқығын жіті қадағалау жөніндегі механизмдерін айқындайтын нұсқаулық таратылды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар