Ордабасыда “Рухани тәрбие — қауіпсіз болашақ кепілі” атты іс-шара ұйымдастырылды

Ордабасы ауданы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша, Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топтың, «Рухани тәрбие-жас ұрпақтың қауіпсіз болашағының кепілі» тақырыбында жалпы білім беру ұйымдарында жоғары сынып оқушылары мен ата аналарға, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу негізінде іс-шара өткізілуде.

Жиналысты Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары М.Ақмұратов жүргізіп, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық оқиғалары және ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында аудан прокуроры А.Қыдырбай, «Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту, заң талаптарын түсіндіру» тақырыбында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғ.Қуашбаев, «Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін, сауаттылығын арттыру» тақырыбында Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаева баяндама жасап, оқушылар мен ата аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, полиция бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмау ең алдымен ата-ананың парызы болса, екінші тарапта білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдарына жүктелген міндет.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар