Қайырымдылық қызметі аясында Түркістандық 150 бала оңалтудан өтеді

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында «Ақ Мейір» балаларды дамыту және инклюзивті білім беру орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауының арқасында жаңаша қарқында жұмыс істей бастады.

Орталықта ой — сана дамуы тежелген, мінез — құлқында ауытқу бар, сөйлеу қабілеті төмен, ерекше білім беру қажеттілігі бар 4-17 жастағы жасөспірімдерге педагогикалық-психологиялық, логикалық- дефектологиялық, арт терапия мамандары ем алу мақсатында тегін қызмет көрсететін болады.

Оңалтудан ата — ананың қарауынсыз қалған, асыраушысынан айырылған, көп балалы, аз қамтылған, мүгедектігі бар ерекше балалар өте алады. Бұл Қордағы компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samryk — Kzyna Tryst» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай көмегі арқылы мүмкін болып отыр.

«Ерекше күтімді қажет ететін жас ұрпақты қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, бүгінгі шараға «Самұрық-Қазына» қорына қарасты «Қазатомөнеркәсіп» компаниясынан «Аппақ» және «Инкай» кәсіпорындарынан арнайы келдік. Бала тәрбиесі, оларға лайықты қамқорлық көрсету – баршамыздың асыл борышымыз. Осы орайда «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жыл бойына Түлкібас ауданының ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150 бала тегін негізде оңалтудан өтіп, логопед-дефектолог мамандардың көмегін алатын болады», — деп атап өтті «Аппақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ақыл Қалибеков.

Орталық қызметіне дефектолог, психолог, емдік-дене шынықтыру сауықтыруы, арт-терапия секілді бағыттарда 10-ға жуық маман жұмылдырылған.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қызметінде Түркістан өңірінде 2017-2023 жылдары 1,8 млрд теңгеге 23 жоба жүзеге асты. Оның ішінде «Қамқорлық» оңалту орталықтары, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 6 мыңнан астам оқушыға мектеп құралдарын алып беру, мектепішілік санитарлық тораптар орнату және ауылдық медицина нысандарына жаңа жедел жәрдем көліктерін табыстау сияқты қадамдар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар