Республикалық балалар оқуы байқауының аудандық кезеңі өтті

Бүгін Қазығұрт ауданынының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектебінде республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға білім беру ұйымдарының 8,9,10 сынып оқушылары арасында 72 мектептен 77 оқушы қатысып, бақтарын сынады.

Байқау мақсаты — балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Байқау 2 кезеңнен тұрды: Тест тапсырмалары мен эссе жазу

Білім сайысының нәтижесінде, 8 сынып оқушылары арасында Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Аділбек Аяулым, 9 сынып оқушылары арасында Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Мамрасил Ақбота, 10 сынып оқушылары арасында 1-Мамыр жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Әлібек Сәуле облыстық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздарға келесі кезеңде сәттілік тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар