Созақтық оқушылар “Балалар оқулары” байқауында бақ сынады

Созақ ауданында балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында «Балалар әлемі» жобасы аясында республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтті.

Аталған сайысқа аудан мектептерінің 8-10 сынып оқушылары қатысты.

Оқушылардың дайындалу мақсатында жас ерекшелігі мен оқу бағдарламасын ескеріп, «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы қазақстандық және шетелдік кітаптардан ұсынылған әдебиеттерден алынған тақырыптар аясында эссе жазу бойынша сайысқа түсті. Сайыс соңында жүлдегерлер марапатталып, жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар