Түлкібаста «Балалар оқуы» байқауының аудандық кезеңі өтті

Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, кеше Абай атындағы мектеп-лицейінде 8-10 сынып оқушылары арасында «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтті.

Жас ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында өткен бұл сайысқа жалпы білім беру ұйымдарынан барлығы 125 оқушы қатысты.

Байқауда жас ерекшелігі мен оқу бағдарламасын ескеріп, «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы қазақстандық және шетелдік кітаптардан ұсынылған әдебиеттерден алынған тақырыптар аясында 60 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары және эссе жазу бойынша сайысқа түсті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегер оқушылар қазан айында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар