«Жас ақындар» айтысының мектепішілік кезеңі өтті

Жетісай ауданы, Абай атындағы №4 жалпы білім беру мектеп-гимназиясында Республикалық «Жас ақындар» айтысының мектепішілік кезеңі өтті. Іс-шараны мектеп директоры Сауырбаева Гулмира Каналбайқызы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жас ақындар «Туған жерім –мақтанышым» тақырыбында айтысты.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін, жетістіктері мен тарихын жырға қосты. Сайыстың І-ші айналымында жұп болып айтысып, ІІ-ші айналымға жолдама алған 7 сынып оқушылары Сағынбек Іңкәр мен Тәттібай Ерасыл. Олар «Қыз бен жігіт» түрінде айтысты.

Бұл жолғы өткізілген айтыстың өзгешелігі, күй айтыс болды. Аудандық, облыстық күй сайыстарында жүлделі орын алып жүрген 6 сынып оқушысы Давранбек Аслан 8 сынып оқушысы Зайдин Ерасылдан басым түсіп, келесі айналымға жолдама алды.

Аталған сайысқа төрелік еткен Жетісай аудандық маслихатының депутаты Қ.Ақтуреева және Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Сырдария университетінің профессоры Бөрі Иса оқушылардың өнеріне ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар