Форум: «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам»

Қазығұрт аудандық орталық мәдениет сарайында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум болып өтті. Форумға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық соттың төрағасы Даулетияр Машрапов, аудан прокуроры Қанат Базарбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Мұрат Ермеков, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Бақыт Тұрғынбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы м.а. А.Мамытбаев және бөлімнің қызметкерлері, әдіскерлері қатысты.

Форум мақсаты — бүгінгі жасөспірімдердің тәрбиесі, қауіпсіздігі, отбасындағы және қоғамдағы орны т.б. шараларды талқылау, қарастыру болды.

Жиын барысында құзырлы орган басшыларының баяндамасында өзекті мәселеге қатысты пікірлерін айтып, жастардың жарқын болашағы үшін жағдай жасау, алдыңғы аға буын өкілдері ретінде жол көрсету керектігі сөз болды. Статистикалық нақты дәлелдер келтіріп, шынайы өмірден алыныған түрлі оқиға, жайттар оқушыларға үлкен қоғамдық пікір тудырды.

Жоғары дәрежеде өткізілген форум аясында Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушылары буллингтің алдын алу бағытында сахналық қойылым қойса, «Балауса» халықтық би ансамблі түрлі ұлттың биін билеп, жас өнерпаз Есімхан Жәңгірхан Отан, Атамекен туралы әндер шырқады. Сондай-ақ, аталған іс-шарада оқушылар Абайдың қара сөздерін оқыды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар