Бүгін Отырар ауданында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Түркістан облысы білім басқармасының 19.09.2023 жылы №42-01-11/7042 хатына сәйкес, оқу-жаттығулар шеңберінде Білім беру обьектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру мақсатында мектеп персоналына және оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Майлыбеков Досжан, төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенаты Нұрман Оңалбай, төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Айтбек Жақсыбек, Отырар аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Әметхан Еркебұлан тарапынан жүргізілді.
Түсіндіру барысында алғаш әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, тәртіптік режим ережелері, техникалық, адам денсаулығына зиян келтіретін түрлі жарылғыш заттар жайында баяндалды.