Республикалық суретшілер байқауында Түркістандық оқушылар жеңімпаз атанды

Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлының қолдауымен білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауы өтті.

21-24 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында өткен бұл байқауда (10-13 жас) «Сюжеттік композиция» номинациясы бойынша Кентау қаласындағы «Оқушылар үйінің» оқушысы Оразбек Гүлсезім жүлделі І орынды жеңіп алды.

Жалпы облыстан қатысқан 7 жас суретшіге республикалық байқауға қатысқаны үшін арнайы сертификаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар