Сауранда “Басты міндет– бала қауіпсіздігі” атты іс-шара ұйымдастырылды

Сауран ауданының білім бөліміне қарасты 36 білім беру ұйымдарында бұқаралық ақпарат құралдарымен әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу фактілерін, ата-аналардың жауапкершілгі мен балаларға бақылауды күшейту мақсатында жиналыс өтті. Жиынға 7500 жоғары сынып оқушылары мен 4 мыңға жуық ата-ана қатысты.

Күн тәртібінде «Құқықбұзушылықтың алдын алу барысында оқушының бос уақытын тиімді пайдалануын қадағалау», «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында жасалынған келісім шарттың мазмұнымен ата-аналар толықтай таныстырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар