Саурандық оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті

«Төрт тоқсанға — төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие орынбасарлары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Туған жерім мақтанышым. Білім- тұмарым» тақырыбында аймақтық ақындар айтысы болып өтті.

Айтыс мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзіреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу.

Айтысқа аталған мектептен 4 жұп, Аманкелді мектебінен 1 жұп, С.Қожанов мектебінен 1 жұп қатысып, өнер көрсетті.

Атап айтсақ, А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінен:

  1. Ильяс Нұрислам – Алтынайдар Асылзат
  2. Әбіқайыр Абылқазы – Бектұрсын Айару
  3. Төлеу Думан – Әбілқайыр Алина
  4. Әбілқайыр Шалқар – Тұрсынбек Әмина

Аманкелді жалпы білім беретін мектебінен:

  1. Сейілхан Ақбота — Ыбайда Аружан
  2. С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектептен Омархан Ұлдана.

Аталған оқушылар «Туға жерім мақтанышым. Білім- тұмарым» тақырыбында ойларын ортаға салып, ұлттық құндылығымызды дәріптей білді.

Әділ қазы алқалары тақырыптың жан-жақты ашылуына, ой тереңдігіне мән беріп, жұптар арасынан ерекше даралаған оқушыларды атап өтті.

Және де аудандық кезеңге аты аталған айтыскерлер жолдама алды.

Ильяс Нұрислам, жетекшісі — А. Ихласова, Бектұрсын Айару, жетекшісі — А.Қайназарова.

Қорытынды сөз кезегі мектеп директоры С.Мынжасароваға берілді.

Іс-шара соңында қатысушы айтыскерлер марапатталып, арнайы ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар