Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Арыс жалпы білім беретін мектебінде кеше физика пәнінен зерттеу сабағы басталды.
Мақсаты: оқушылардың оқуы мен мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жақсарту.
Физика пәнінің мұғалімі Динара Избасарова 8 сыныпқа өткен “Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы” тақырыбындағы сабақта “Tarsia”, “Айналмалы бекет”,”Бағдаршам” әдістерін пайдаланды.
Зерттеу сабағы барысында мұғалім оқушыларды жұптық, топтық жұмыстарда тапсырма беріп, есеп шығару арқылы сабақты жоғары деңгейде шебер ұйымдастыра білді.
Сабақ соңында ДОІЖО М.Асирова және зерттеу тобының мүшелері өтілген сабақты талдап, келесі сабақтың жоспарын құрды.