«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында конкурс өтті

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты А.Пушкин атындағы АТМЛ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу мақсатында «Өнерлі өрге жүзер», «Жарқыра, жас дарын!» «Өнер алды-қызыл тіл» атты конкурсы өткізілді.

Жоба мақсаты: этностық топтардың мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытқан жастары мен өскелең ұрпағын ынталандыру арқылы Қазақстандық бірегейлікті дамыту. Байқауға білім беру ұйымдарының 5-11 сынып өзге ұлт оқушылары қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша А.Пушкин атындағы АТМЛ 10 сынып оқушысы Шахназарова Розана, М.Ломоносов атындағы МГ 9 сынып оқушысы Исламова Шахзода жүлделі орындарды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Аталған конкурста жүлдегер атанған қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар