Облыстың үздік деген 300-ге жуық педагогы бас қосты. Бүгін 6 қазан Түркістан облысы ұстаздарына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды қатысып, мұғалімдерге ақжарма ақ тілегін арнады.
Облыс әкімі Түркістан облысының «Құрметті азаматы» атағымен 2 ардагер ұстазды, Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін 6 ұстазды мараппаттап 21 үздік мұғалімге алғыс хат берілді. Сондай-ақ 80 ардагер ұстазға облыс әкімінің гүл шоқтары мен сыйлықтары тапсырылды. Ынталандыру һретінде үздік деп танылған ұстаздар қауымына 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Ардагер ұстаздарға тұрмысқа қажетті техникаларды да табыстады.
Шара барысында өмірде ерекше оқиғаларға кездескен және өзінің жаңа қырларымен танылған ұстаздарымызбен облыс әкімі Дархан Сатыбалды сөйлесіп, ойларын бөлісті.
Ұстаздар қауымы көтеріңкі көңіл күймен арнайы жайылған дастарханда қонақ болып, балалардың әзірлеген мерекелік концертін тамашалады. Өнерлі ұл-қыздар ән мен биден шашу шашты.