Ұлағатты ұстаз — ұлт мерейі

Кентау қаласында «Ұстаздар күні» үлкен деңгейде аталып өтті.

Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайында өткен мерекелік іс-шара қала ұстаздарының мерейін тасытып, шығармашылығына шабыт сыйлаған, шынайы, шаттыққа толы көңіл күймен өрнектелген күн болды. Ұстаздар үшін ән шырқалып, би биленіп, ұстаз тұлғасы мен еңбегі сахына төрінде марапатпен марқайды.

Қала әкімі Ж.Тасов, қалалық маслихат хатшысы Қ.Елеусізов, Аманат партиясы төрағасы А.Басаров және Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы А.Ауелбеков ұстаздарға ізгі тілегін арнады.

Ұлы мұрат жолында жүрген ұстаздың ұлағаты — ұрпақ бойына ұлылықтың ұрығын ексін! Ұстаздың мерейі үстем, шәкіртің талабы терең болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар