Ағымдағы жылдың 13-қазан күні Жетісай қаласының Мәдениет сарайында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Біз біргеміз!» жобасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар арасында өнер фестивалі өтті. Фестивальға 73 мектептің білім алушылары қатысты.
Аталған іс-шара шеңберінде балалар ән айтып, би билеп, мәнерлеп өлең оқудан сайысқа түсті. Балалардың өнері әділ қазылар тарапынан өз деңгейінде бағаланып, жүлделі орындарға ие болды.
Фестиваль соңында барлық білім алушыларға сый-сияпат және үздік өнер көрсеткені үшін мадақтама таратылды. Қатысушылар өнерлі өрендерге жылы лебіздерін білдірді.