Оқушыларға заманауи функционалдық сауаттылықты дамыту дағдылары үйретілді

Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» 20.09.2023ж. №190 бұйрығы негізінде, «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын жүргізу шеңберінде, «Халықаралық зерттеулерде қарастырылатын әлеуметтік және эмоционалды дағдылардың сипаттамасы» тақырыбында таяуда Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Сауран» жалпы білім беретін мектебінде әлеуметтік педагогтерге арналған аудандық семинар өтті.

«Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін, функционалдық сауаттылығын дамыту — заман талабы» атты тақырыпта директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары О.Табынбаев баяндама жасады.

Сондай-ақ, мектеп психологтары А.Дүйсекеева, Б.Әбдікерім семинарға қатысушы құрметті қонақтарға тренинг ұйымдастырды.

Аталған шара барысында мектептің әлеуметтік педагогы Г.Алмаханова «PISA — 2023 халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.

Тәжірбие алмасу барысындағы аудандағы өзге мектептердің жауапты мамандарының баяндамалары толықтыра түскен шараны, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қ.Бәймен қорытындылады.

Семинардың жоғары деңгейде өткендігін тілге тиек еткен әріптестер, алдағы уақытта да тәжірбие алмасып тұруға уағдаласты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар