Ордабасылық үздік оқушылар «ЖАС ҰЛАН» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды

Ордабасы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 25 қазан Республика күніне орай, 5 сыныптың үздік оқушыларын, республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау жиыны өтті.

Салтанатты жиын, Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Жиынға мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларды құттықтап, әрдайым жетістіктерге жетуіне сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға арнайы қонақ болып шақыртылған аудандық әкелер мектебінің төрағасы, ардагер ұстаз Жүсіп Лесбек Жас Ұлан қатарына қабылданатын үздік оқушыларға еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болуға, ізгі тілегін білдірді.

Оқушылар «Жас Ұлан» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар