«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Сайрам ауданының білім бөлімінің әдіскерлері зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, құқықбұзушылықтың алдын алу мен қауіпсіздік шаралары туралы тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. №33 Шойынбаев жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемесінде өткен құқықтық оқыту жиынына мұғалімдер, сынып жетекшілер, дтіжо, қосымша білім беру педагогтары, тәлімгерлер мен 9-10-11 сынып оқушылары қатысты.
Аталған жиын барысында бөлім қызметкерлері қылмыс пен құқықбұзушылық жасағанда неше жастан заң алдында жауапкершілікке тартылатыны, бала құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Одан өзге, қыз тәрбиесі мен ерте жүктіліктің алдын алу, ер балалардың тәртібі, қоғамда өзін өзі ұстау мәдениеті, рухани адамгершілік тақырыптарын да тілге тиек етті.
Кездесу соңында әдіскерлер К.Мусаева, У.Курбантаев, іс-шараға қатысушыларды Республика күні мерекесімен құттықтап, алдағы оқу тәрбие процессінде үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.
Жиынға қатысушы оқушылар жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде түрлі сауалдарын қойып, спорттық үйірмелердің көбірек ашылуын сұрады.