Төлебилік педагог мемлекет басшысының алдында өнер көрсетті

25 қазан – Республика күніне орай Астана қаласындағы опера және балет театрында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтті.

Осы концертте Ленгір қалалық балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Ерлан Жолдас бүкіл елімізге әйгілі күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева мен жас домбырашылармен бірге бір сахнада өнер көрсетті.

Аталмыш концертте Ерлан Болысбекұлы әріптестерімен бірге қазақ композиторларының танымал күйлерін нақышына келтіріп орындап, көрерменді домбырада ойнау шеберлігімен тамсандырды.

Бір айта кетерлігі, Ерлан Жолдас Астанадағы концертке Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының арнайы шақыртуымен қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар