ІІІ Ыбырай жазулары байқауына 112 педагог қатысты

Отырар аудынына қарасты Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудан мұғалімдері арасында ІІІ ЫБЫРАЙ жазулары байқауы өтті. Ең алғаш қазақ даласына мектеп ашқан, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы Ыбырай Алтынсаринның тарихи-әдеби еңбектерін насихаттау, педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту, мемлекеттік тілде оқу, жазу сауаттылығын арттыру бойынша өткізілген байқау 3 номинацияны қамтыды.

— «Үміт еткен көзімнің нұры балам…» Ыбырай Алтынсариннің мәдениет, әдебиет, ағартушылық, ғылым мен білімді арқау еткен мақалалары, шығармашылығы жайлы мақала жазу;

— «Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт еткен достарым» — хат жазу байқауы. Қатысушы болашақтағы білім әлемнің қандай болуын жазуы тиіс.

— «Қазақтың тілімен қандай кітап болса да жазуға болады…» — аударма жұмысы. Бұл бағытта педагогтер Ы.Алтынсаринның шағын әңгімелері негізінде дайындалған тапсырмаларды бір тілден екінші тілге аударуы тиіс.

Байқауға 4 бағыттан жалпы білім беру ұйымдарынан 112 педагог қатысты. Ал облыстық кезеңіне жолдама алған пән мұғалімдері: Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бәдіренова Индира, Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Гүлнәз, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бозымбаева Айгүл, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаттың география пәні мұғалімі Мәжитов Арыстан.

Байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған пән мұғалімдеріне сәттілік тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар