Түркістандық педагог ІІІ Республикалық кәсіби шеберлік конкурсында жүлделі орынға ие болды

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы болып өтті.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша республикадағы ауылшаруашылығы секторын дамыту жағдайында ТжКОБ ұйымдарының талантты педагогтерін анықтау және қолдау мақсатында өткен конкурсқа Алматы Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Абай, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Павлодар, Ақмола облыстарынан келген конкурс қатысушылары, серіктес мекеме өкілдері, ардагер ұстаздар мен инженер — педагогтерден құралған барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

Конкурсқа қатысушы 24 инженер-педагог «Агрономия», «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады. Екі күнге созылған конкурс нәтижесінде: «Агрономия» саласы бойынша II орынды — Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Сахова Салия Егембергенова иеленді.

Ал, 23-27 қазан аралығында Ақтауда ТжКБ ұйымдарының педагогтері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Аспаз ісі» құзыреттілігінен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Серикбаева Салтанат Нурлыбековна II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар