Бүгін Бәйдібек аудандық білім беру ұйымдары арасында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны бастау алды.
Мақсаты — балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару, қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.
Науқанның мақсатты тобы – ата-аналар, балалар мен жастар, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, Балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ, сондай-ақ БАҚ өкілдері болып табылады.
Аталған науқанның 2023 жылдың 8-20 қараша күндері аралығында өтетінін ескерсек, алдағы уақытта жоспарға сәйкес барлық білім беру мекемелерінде сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы, БАҚ және ҮЕҰ мемлекеттік ұйымдарының басшыларымен кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.