Сауран ауданы білім бөліміне қарасты мектеп кітапханалары 2023-2024 оқу жылынды жаңа кітаптармен толықты. Баспадан жуырда басылып шыққан 50-ге жуық кітап бүгін оқырман назарына ұсынылды.
Жаңа кітаптар арасында әр түрлі жас тобындағы балаларға арналған оқулықтар, 4Д форматтағы ертегілер жинағы бар. Сондай- ақ әлемдік бестселлер саналатын Жоан Роулингтың «Гарри Поттер мен жасырын бөлме» және «Гравити Фолз» сынды көптеген әлемдік әдебиеттердің қазақ тіліндегі аудармалары кітапхана сөресін толықтырды.
Айта кету керек, жаңа түскен кітаптардың басым бөлігін психологиялық, мотивациялық жанрдағы шығармалар құрайды. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, бұған осы сарынды шығармаларға оқырмандардың сұранысы артқандығы себеп.
Нақтырақ айтсақ, шелделдік классиктердің аудармалары, ертегі кітаптар, қазақ әдебиеттерімен — 3,060 дана көркем әдебиеттермен толықтырылды. Осы келген көркем әдебиеттермен әрбір мектептерде мектеп кітапханашылары көрмелер ұйымдастырып, кітаптармен таныстырылымдар өткізілуде.