Шардара ауданына қарасты «Шардара» мектеп-лицей базасында жалпы білім беретін мектептерде «Мектепалды даярлық сыныбында жаңаша оқытудың тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбында аудандық әдістемелік оқыту семинар өткізілді.
Мақсат — мектепалды даярлықта тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі негізінде бағытын білім беру міндеттері бойынша орындауды қарастыру, тәрбиеленушілердің сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Семинар барысында негізі оқыту міндеттерін іске асыру кезінде сапалы білім беру ортасын құру, білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру, педагогтің әр баламен жеке қарым-қатынасы, баланың іс-әрекетіне және шынайы қызығушылықпен қарау, тыңдау, балаға жылы қарым-қатынас көрсету туралы талқыланды.
Мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу мен білім беру процесінде дамытушы заттық-кеңістікті ортаны ұйымдастыру ұсынылды. Барлық қатысушылар өз ойларын ортаға тастап, тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік көмек алды. Семинарға мектепалды даярлық педагогтері қатысты.