Түркістанда 5 тілді білетін полиглот ұстаз бар

Түркістан қаласындағы №9 Некрасов мектеп-гимназиясының мұғалімі Гавхар Байметова — полиглот ұстаз. Бес тілді еркін меңгерген білікті мұғалім аталған білім ордасында 14 жылдан бері үздіксіз еңек етіп келеді. Бүгінде Гавхар қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде мүдірмей сөйлейді.

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы. Тіл ұлтпен — ұлтты татуластыратын алтын көпір. Тәжірибелі ұстаз Гавхар Байметованың айтуынша, оқушылардың жан-жақты дамуы, заманауи және сапалы білім алуы үшін ағылшын тілін үйренуі маңызды. Оқу бағдарламасына жыл сайын өзгерістер енгізіліп жатқанын әрдайым назарында ұстайтын ұстаз дәрісті жаңаша үйрету дағдысында озық үлгімен оқытып келеді.

— Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тіліңді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз. Тәуелсіз Қазақстанды дамыған өркениетті елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз — бүгінгі білім қуған жастар деп білемін. Өзінің тілін, тарихын жетік білген жастар қайда жүрсе де абырой биігінен көрінері сөзсіз.

Қанша тіл білсек, сонша білімді игереміз.

Сондықтан көп тіл білу де заман талабы, — дейді түркістандық ұстаз.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар