Сарыағаш ауданы, №4 мамандандырылған мектеп-интернатының өзін-өзі басқару ұйымының президенті, 10 сынып оқушысы Мұхит Жасұлан Астана қаласында өткен «Жас көшбасшылар — 2023» құрылтайына қатысты. Құрылтай барысында өзіндік идеяларын ортаға салды, әр саланың көшбасшыларымен кездесулерге қатысты.
Кездесу барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев көшбасшыларымен бейресми кездесу өткізді. Еркін форматта өткен жиында оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, мектеп қабырғасындағы мәселелерге қатысты ойларымен бөлісті. Ал Ғани Бектайұлы, өз кезегінде білім саласында жасалып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, жас өрендердің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында министр жас көшбасшыларға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты кітабы мен сыйлықтар табыстады. Естелік суретке түсті.