Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді.
Осы ретте Түркістан облысының делегациясы Жапония еліне іссапармен барды. Осы сапарға Сайрам ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нұртанова Гульнар Бермаханбетқызы қатысып, тәжірибе алмасып қайтты.
Сайрам ауданында Токио сапарындағы іс-тәжірибемен бөлісуді мақсат тұтқан алқалы жиын өтті. Жиынға Сайрам ауданы білім бөлімі басшысы Г.Тынымбаева және аудандағы мектеп директорлары қатысты.
Таныстырылым барысында мектеп директорлары күншығыс елінің білім саласы мен сабақты зерттеу әдісі бойынша сұрақтарына жауап алды.
Жапон мектебінде техникалық персонал қарастырылмағандығы, тазалық жұмыстарын оқушылардың өздері жүргізетіндігі және білім ұйымдарында асхананың жоқтығынан түскі асты аспаз арнайы бөлмеде дайындап, сынып оқушыларынан кезекші бекітіп тамақты тарататындығы, оқушылар өз сыныптарында тамақтанатындығына қызығушылық танытты.
Оқушыларды ерте жастан еңбекке баулу арқылы өмірге дайындайтыны аудандағы білім саласы өкілдеріне ерекше әсер қалдырды. Мектеп басшылары аталған тәжірибені өз білім ұйымдарында қолданып көруге ұсыныстарын білдірді.