Түркістанның заманауи мұғалімдер фестивалі-2023

Түркістан қаласындағы №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының базасында Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығы, «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының онкүндік аясындағы қорытындысы өтуде. Ерекшелігі сол, бұл онкүндік — жаңаша форматта фестиваль ретінде ұйымдастырылды.

Фестиваль мақсаты: Педагогтердің басқарушылық қабілеттерін, әдістемелік, цифрлық және әмбебап құзыреттерін кешенді дамыту, жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту, білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдануды үйрету, білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.

Аталған іс-шараны Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы директорының инновация ісі жөніндегі орынбасары Руслан Есболғанұлы ашып берді. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Қожымбетова Айжан Мархабайқызы да сөз алып, әріптестеріне сәттілік тіледі. Фестиваль барысында облыстық Жастар орталығының мамандары «Ұстаздар quizi» зияткерлік сайысын жүргізді. 16 ауданның және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогтері топ-топқа бөлініп, қызықты да, тартысты жарыстар өткізді.

Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша;

І орын — Жетісай;

ІІ орын -Түлкібас;

ІІІ орын — Қазығұрт ауданы иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар