Мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа орын мен қосымша топтар үшін конкурсқа өтінім беру

Мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа орын мен қосымша топтар үшін конкурсқа өтінім беру бүгін, сағат 19:00-де аяқталатынын мәлімдейміз

Конкурс балабақшаларға 2-6 жас аралығындағы балаларға жалпы 9000 орынға өткізіледі. Құжаттарды қабылдау қағида талаптарына сәйкес 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Өтінімдер 2023 жылдың 20, 21, 22 қараша күндері сағат 9.00-ден 19.00-аралығында қабылданады.

Электрондық форматта тапсырамын дегендерге Tapsyru.bilim@list.ru электронды мекен-жайына жіберуге болады. Электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті аудандық, қалалық білім бөлімдеріне баруға болады

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар