Бүгін Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионаты салтанатты түрде ашылуда. Байқауға еліміздің әр өңірінен 22 жасқа дейінгі аралықтағы 545 студент және 520 сарапшы қатысады.
Сайыс үш күнге жалғаспақ, яғни 23-25 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында колледж студенттері 30 құзырет бойынша өз шеберліктерін ортаға салады.
Республикалық чемпионаттың қатысушыларын марапаттау рәсімі 27 қарашада өтеді. Ал жеңімпаздар келесі жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында Қазақстанның атынан қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетейік, чемпионатқа Түркістан облыснан 30 студент қатысып, 29 құзыреттілік бойынша бақ сынауда.
Түркістан облысының қатысушыларына жарқын жеңістер тілейміз!