Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өткізілді

Сауран ауданының білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» ұйымы мен «Аманат» дебат клубының ұйымдастыруымен бөлімге қарасты А.Байтұрсынұлы атындағы мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеңіс шындық па, әлде арман ба?» атты дебат ойыны, А.Үсенов атындағы мектепте «Сурет байқауы», А.Юганики мектебінде «Адалдық-асыл қасиет» сынып сағаты, М.Мәметова мектебінде Мәдениет қайраткерлері Тутихан Абдувалиқизы және Зебинисо Марибжанқызымен кездесулер өткізілді.

Аталған іс-шараға облыстық «Адалдық алаңы» жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағамбетқызы және Сауран ауданының білім бөлімінің басшысы Батырбекова Ақмарал Үсенқызы қатысты.

Іс-шараға қатысушылар адалдық, парасаттылық, адамгершілік тақырыптары аясында ой пікірлерімен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар