Отырарда «Үздік мұғалім-2023» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

Жыл сайын дәстүрлі «Үздік мұғалім -2023» байқауы өткізіліп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін айқындау,олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру. Білімді, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, мұғалімдердің педагогикалық жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды ендірудегі мәлімет базасын кеңейту, озат тәжірибелерді насихаттау міндеті болып табылады.

Байқау ережесіне сәйкес, бақ сынаған ұстаздарымыз өз білімі мен біліктерін сарапқа салды. Нәтижесінде «Үздік мұғалім-2023» байқауының бас жүлдесіне М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Жанбатырова Аийда ие болды. Аудандық кәсіподақ төрағасы Е.Қасым барлық марапат иелеріне бағалы сыйлықтар тапсырды.

Ұстаз… Ұстаздық – киелі әpi өте қарапайым мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе ол – баланы өмip сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны! Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде.

Сондықтан да шәкірттерге берері мен үйретері көп ұстаздарға еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз — берік, келешектеріңіз — кемел болсын дегіміз келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар