Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты “Балалар өнер мектебі” би үйірмесінің жетекшісі Жоламанова Дина Балмагамбетовна “Қаракөз” би ансамблімен 2023 жылдың 22 қараша күні Шымкент қаласында өткен «Аққу” ІІ Республикалық би чемпионатында жүлделі бас жүлдені жеңіп алды.
Байқау мақсаты: оқушыларымыздың жан-жақты дамып, еліміздің ертеңі — жастардың рухани кемелденіп, рухы мықты, танымы мен тағылымы кең тұлға ретінде қалыптастыру.
Сондай-ақ талай конкурстардың лауреаты атанып жүрген «Қаракөз» би ансамблінің жетекшісі ретінде де Д.Жоламанова “Үздік хореограф” дипломымен марапатталды.