Үстел теннисі «Ұлттық мектеп лигасы» өтті

Бәйдібек аудандық білім беру мекемелерінің оқушылары арасында спорттың үстел теннисі түрінен «Ұлттық мектеп лигасы» аудандық кезеңі өтті.

Мақсаты: діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы зиянды әдеттерден арылу, патриоттыққа тәрибелеу, облыстық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау.

Аталған лигаға аймақтық кезеңнен сүрінбей өтіп, І орын иеленген 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасындағы командалар қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

— 5-6 сынып: Ғ.Мұратбаев, Есіркеп батыр, С.Ерубаев, Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектептер;

— 7-8 сынып: Ш.Уалиханов ЖББМ, С.Ерубаев ЖББМ, Ғ.Мұратбаев ЖББМ, «Қосбұлақ» ЖББМ атындағы жалпы білім беретін мектептер;

— 9-11 сынып: Ғ.Мұратбаев ЖББМ, Есіркеп батыр ЖББМ, Ш.Уалиханов ЖББМ, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептер тиісінше 1, 2, 3 орындардан көрініп, аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар