«Үздік қосымша білім беру педагогі» байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті

Жуырда Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназия базасында «Үздік қосымша білім беру педагогі” байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Байқау мақсаты: қосымша білім беру педагогтерінің, үйірме жетекшілерінің потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, қосымша білім беру процесінде баланың ынтасы мен шабытына жете көңіл бөлу, үйірме жұмысының жандануы мен өркендеуінің маңыздылығын және шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау.

Байқаудың I-кезеңінде: қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби қызметіндегі жетістіктерінің жиынтығы қамтылған портфолио тапсырылды.

II-кезеңде: байқауға қатысушылар “Мамандығым — мақтанышым” тақырыбында қосымша білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында замануи тәсілдерді қолдана отырып шеберлік сынып сағаттары (тәжірибелік жұмыс) көрсетілді.

Қорытынды нәтижесінде Абылайхан атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің қосымша білім беру педагогы Алдиярова Айша Қажмұханқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар