Алаш арыстары негізін қалаған қазақ лингвистикалық мектебі: Дыбыстарды жіктеу

«Дыбыстарды жіктеу туралы» деген мақаласында А.Байтұрсынұлы езу­лік дауыстыларды аңғал, еріндік дауыстыларды қымқырулы деп атап: ­«…қымқырулысы бас буыннан басқасында келмейді», – деп ерін үндестігін елемейді [3]. Дәл осындай көзқарасты Е.Омаров, Т.Шонанов, Е.Д.Поливанов, Қ.Жұбанов еңбектерінен де байқауға болады.

1929 жылы Қызылорда қаласында өткен емле конференциясында тезистермен таныстырған Т.Шонановтың ерін үндестігінің жойылып бара жатқаны туралы айтқан тұжырымына қарсы шығып, Қ.Кемеңгерұлы қазақ тілінде әлі де ерін үндестігі толық сақталғанын айтады: «В отношении закона лабиализации, хотя тов. Шонанов утверждает, что этот закон теряет свою силу, однако, мы подтверждаем, что закон лабиализации у нас пока имеется и можно сказать в полной силе». Ғалым орыстың школа деген сөзінің үшкел түрінде жазылып жүргенін, ал оның үшкөл түрінде жазылғаны дұрыс болатынын ескертеді де шет тілден қазақ тіліне енген сөздер үшін‚ ең болмағанда‚ екінші буынға дейін ерін үндестігі сақталуы керектігін айтады [2]. Қ.Кемеңгерұлы сингармонизмді дыбыстардың жуан-жіңішке‚ еріндік-езулік әуезбен үндесуі деп түсінген. Яғни «сингармотембр» терминін қолданбағанымен‚ оның ерекшелігін толық пайымдаған.

Қазіргі кезде қазақ тіліне ерін үндестігі тән екендігі жан-жақты дәлелденді. Ә.Жүнісбек [8] өз еңбектерінде ерін-езу үндестігі сингармонизмнің негізі болатынын теориялық тұрғыдан дәлелдесе, ғалымның жетекшілік етуімен Шүленбаева Ұ.Р. 1994 жылы «Қазақ тіліндегі ерін үндестігі» деген кандидаттық диссертациясында эксперимент жолымен дәлелдеді. Ерін үндестігі әлсіреп, жойылып барады деген теорияның себебін фонетист-ғалым С.Мырзабеков: «біріншіден, жазудың ықпалы, өзіміздің құнтсыздығымыз болса, екіншіден, артикуляциялық базамыздың дамуы, ерін үндестігі жоқ көрші тілдердің әсері» [11], – деп көрсетеді.

Ұлттық тіл біліміне дейінгі зерттеушілер дауыстыларды жақтың қатысына қарай ашық, қысаң деп қана топтастырған. Н.Ильминский о, ө дыбыстарының ерекшелігі туралы былай дейді: «… о, ө произносятся почти всегда довольно протяжно, в начале слов перед ними заметно слышится звук у, но он исчезает, когда о и ө соединяются с согласною предыдущего слова в один слог» [12, 15]. Зерттеуші дауыстыларды созылып айтылатын және қысқа айтылатындар деп топтастырмақ болып, о, ө дыбыстарының ерекшелігін алғашқы болып байқайды. П.М.Мелиоранский е, о, ө дыбыстарының ерекшеліктерін байқағанмен, дауыстыларды жақтың қатысына қарай топтастырғанда оны назардан тыс қалдырған. Бұл орайда Н.Ф.Яковлевтің төмендегі сөздері ойға оралады: «Большую роль в обогащении фонетических наблюдений играет также использование иностранного слуха, который в некоторых отношениях оказывается восприимчивее к улавливанию звуковых оттенков в данном языке, чем слух коренных нациалов. Так, целый ряд новых фактов в фонетике русского языка был открыт благодаря наблюдениям иностранных ученых» [6]. Н.Ф.Яковлев айтқандай, қазақ тілінің көптеген ерекшеліктерін көрсету орыс зерттеушілерінің еңбегінен басталады. Оның себебі, бір жағынан, миссио­нерлік пиғылмен болса да, олардың қазақ тілін танытуға алғашқы болып ­талпынуы болса, екінші жағынан, қазақ үшін жаттығы жоқ, түсінікті болып тұрған қасиеттердің олар үшін өзгеше бір ерекшелік болып көрінуінен. Сондықтан қандай оймен, мақсатпен жазылған еңбек болса да, мұқият тексеріп, тіліміздің қандай да бір қасиетін, ерекшелігін танытып тұрған тұстарға баса назар аударып, ал тіл заңдылықтарын бел­ден басып, орыс тілінің (не басқа бір тілдің) үлгісіне салмақ болған тұстарды сақтықпен зерделеу керек.

Дауыстыларды жақтың қатысына қарай үш деңгейде топтастыру А.Байтұрсынұлының есімімен байланысты. А.Байтұрсынұлы дауыстыларды ауыздың ашылуына қарай бірінші дәрежелі ашық (а, ә); екінші дәрежелі ашық (е, о, ө); үшінші дәрежелі немесе тұйық дауыстылар (ы, і, и, ұ, ү, у) деп бөледі [3]. Дауыстыларды жақтың қатысына қарай жіктеуде А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы топтастыруларында ұқсастық байқалады. Екі ғалым да ашық, қысаң (немесе тұйық) дыбыстардың құрамын бірдей көрсеткен. А.Байтұрсынұлы е, о, ө дыбыстарын ІІ дәрежелі ашық деп жіктесе, Қ.Кемеңгерұлы о, ө дыбыстарын жартылай ашық деп, ал е дыбысын жартылай қысаң деп топтастырады. Сол себепті А.Байтұрсынұлы үш деңгейде, Қ.Кемеңгерұлы төрт дейгейде жіктеген, айырмашылық – е дыбысына байланысты.

Ә.Жүнісбек «Қазақ тіліндегі дауыстылар» деген еңбегінде Н.Созонтов пен Г.В.Архангельский кітаптарында е дыбысының орыс тіліндегі осын­дай дыбыстан бөлектігі, өзгешелігі туралы айтқандарын жоғары бағалай келіп былай дейді: «К сожалению, весьма интересные замечания названных выше исследователей (Н.Созонтов пен Г.В.Архангельский – О.Ж.) по поводу гласного (е) в последующем никем не развивались, наоборот этому гласному ­приписывалось широкое образование, аналогичное русскому е. Как будет показано в дальнейшем, результаты экспериментального анализа говорят в пользу высказываний Н.Созонтова и Г.В.Архангельского» [13, 9].

Дауыстыларды жақтың қатысына қарай жіктеуде Т.Шонанов ө дыбысының ғана ерекшелігін сөз етсе, Біләл Малдыбайұлы дауыстыларды жоғары деме­сін, орта демесін, төменгі демесін деп бөледі:

Орынай Жұбай,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар