Түрік киносының танымал жұлдызды жұбы Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен ұлы Керемнің алғашқы туған күнін атап өтті. Олар Instagram желісіндегі парақшасында мерекелік кештен сурет жариялады.
Бурак пен Фахриенің кенже ұлы 1 жасқа толды. Жұлдызды жұп екінші ұлын осы күні алғаш рет көпшілікке көрсетті.
Актер мен актриса Керемнің туған күніне орай үлкен мерекелік кеш ұйымдастырған. Сонымен қатар Бурак пен Фахрие кіші ұлына әлеуметтік желіде парақша ашып, оған аз уақытта 12,5 мыңнан астам адам тіркеліп үлгерген.
Керемнің туған күніне арналған безендіру жұмыстарына ашық көк түс таңдалған. Мерекеге арнайы үлкен торт дайындалған және фотоаймақ шарлармен безендірілген. Ал желі қолданушылары жұлдызды жұптың кенже ұлын туған күнімен шын жүректен құттықтады.