Қазір қоғамда құмар ойынға деген тәуелділік көбейіп келеді. Ресми дерекке сүйенсек, 2022 жылы 157 мыңнан астам қылмыс жасалған, оның 20%-ын құмар ойыншылар құрайды. Ал суицид жасаған 3676 адамның әр бесіншісі лудомания дертіне шалдыққан.
Екінші бір мәселе, букмекерлік кеңселер жылына миллиардтаған теңге пайда тауып отыр. Мәселен, қазақстандықтар соңғы үш жылда құмар ойындарға 1 трлн теңге қаржы тіккен.
«Халық сөзі» саяси-қоғамдық ток-шоуына келген Думан Мамантай «Жан дауа» оңалту орталығының бөлім меңгерушісі. Аталған орталыққа көбіне ата-аналар балалары үшін көмек сұрап келетінін айтты.
Айтуынша, құмар ойынға тәуелділерді емдеу қиын. Дегенмен аз ғана пайыз болса да тәуелділіктен арылып, оңалғандары да бар.