2023 жылы 19 мамыр күні Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қыдыр Мәмбетұлы ауылы, «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Абай оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтуде.
Байқау 6 номинация бойынша ұйымдастырылды. Олар:
- «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы — Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.
- «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.
- «Абайдың ақын шәкірттерін шығармалары» номинациясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.
- «Көңілім әнді ұғады» номинациясы — оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы — оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.
- «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылыған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.
Байқау қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау ұлылар поэзиясын, ұлттың рухани мұрасын кеңінен таныту мақсатында жүзеге асырылуда.
Байқауға 17 аудан, қала және мен мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы саны — 131 оқушы қатысуда.