Абай облысында 1 мыңнан аса адам жеті учаскеде өрт сөндіріп жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы өртке қатысты соңғы мәліметті жариялады.

Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілген.

Абай облысында 7 учаскеде отты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Тілсіз жаумен күреске ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған.

11 тікұшақ тартылды.

Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар