“Абайтану” олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті

Бүгін жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып арасында қазақ тілі және әдебиетінен республика көлемінде республикалық V “Абайтану” олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты: Абай шығармашылығын оқу арқылы көркемсөздік танымдық, тағылымдық эстетикалық мән-маңызын түсініп, бейнеленген өмір құбылыстарын көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдылар қалыптастыру. Абайдың әдеби мұрасынан және әдеби, ғылыми еңбектері арқылы Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, білім мен білік дағдысын түрлі жағдаятта қолдана алуға бағыттау.

Олимпиада жеңімпаздары:

І — орын

Сайрам ауданы, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Амантай Нұрсезім.

ІІ — орын

Қазығұрт ауданы, “Қақпақ” жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сейсен Айымжан.

ІІІ — ші орын

Қазығұрт ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Абдужаппар Сымбат.

ІІІ — орын

Келес ауданы, Р.Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сейсенбай Динара.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар