Түркістан облысының білім басқармасының Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» МКҚК және «Өнер мектебі» МКҚК-нің ұйымдастыруымен «Төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру мақсатында қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы айтыс өнері жайлы шеберлік сағаты өтті.
Айтыскер ақын, Республикалық «Алтын домбыра» иегері, «Наурыз» Ұлттық сыйлығының «Үздік айтыскер» ақыны, балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Шойбеков Бекарыс Ақсақалұлы сөз бастап, айтыс өнерінің бүкіл табиғи болмысын оның қазаққа етене жақын екенін, ұрпақтан ұрпаққа мұра болған қасиеті жайлы баяндап өтті.
Айтыс түрлеріне кеңінен тоқталды, әсіресе, қазақ айтысының түрлері түре айтыс, сүре айтыс, қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтысы, бәдік айтысы, жар-жар айтыстары жайлы оқушыларға кеңінен әңгімеленді. «Өнер» мектебінің директоры, мәдениет саласының үздігі Тұрар Тілеулиев шәкірттері «Ақындар» сыныбының оқушылары Тәңірберді Болат, Болат Мейіржандармен бірге айтыстың түрлеріне тоқталып жұмбақ айтыстың, түре айтыстың, сүре айтыстың үлгілерін көрсетті.
Шеберлік сабақтары қыркүйек, қазан айларында қос мектептің жоспарына енгізіліп, тұрақты түрде өтетін болады.
Қазақтың айтыс өнері асқақтай берсін!