Бүгін, 5 қарашада елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімін сайлау өтуде.
Түркістан облысының 4 ауданында, Созақ, Мақтаарал және Шардара, Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы басталды.
Президент Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауында елімізде пилоттық режимде аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды өткізуді ұсынған болатын.
Осы ретте Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында өңірдегі әкім сайлауы өтетін аудандар белгіленді.
Созақ ауданында 35 715 азамат сайлау құқығына ие. Ал, Мақтаарал ауданында 70 648, Бәйдібек ауданында 28 807, Шардара ауданында 44 109 сайлаушы бар.