«Алматы жылу желілері» бас директоры ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы жылу желілері» бас директорының ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

«АлТС» ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр (ҚР ҚК 366-бабы). «Балқаш жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері өздерінің карточкалық шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 миллион теңгеден аса ұрлық жасады деп күдіктеліп отыр (ҚР ҚК 189-бабы). Бұл ретте серіктестіктің жеткізушілер алдында 1,5 миллиард теңгеден аса сомаға қарызы болған. Екі факт бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындауына байланысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр», — делінген
ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Бейсенбинов пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарланған еді. Онда күдіктінің жеткізушіден 16 миллион теңге алғаны туралы айтылған. Бұл ақша Алматыдағы жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша аяқталған жұмыстардың актісіне қол қоюға және қолдауына арналғаны хабарланды.

Фото ашық дереккөзден

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар