Жақында Жабағылы ауылында ауыл әкімшілігінің және ауылдың белсенді азаматтарының ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар болып өтті.
Алты мекеме арасында 6 нөмір бойынша (қыздар арасында: көрініс, ән, ұлттық ойын, арқан тартыс, қол күрес, қазақша нақышта киім кию үлгісі, дастарханға бата беру т.б. бақ сынады.
Мерекелік іс-шара қорытындысы бойынша:
І — орын «Алтын ұя» бөбекжайы 1 млн;
ІІ — орын Ә.Молдағұлова атындағы ЖОМ 800 мың теңге;
ІІІ — орынды «Жабағылы» дәрігерлік емханасы алып 600 мың теңге
IV — орынды Н.Қасымбеков атындағы ШЖБМ 400 мың теңге;
V — орын, ауылдық кітапхана және ауыл клубы 350 мың теңге;
VI — орынды ауылдық әкімшілік алып, 350 мың теңге сертификаты тапсырылды.
Іс- шара жоғары деңгейде өткізілді. Ауыл азаматы Мылтықбаев Нұрғали жылдағы үрдіс бойынша 7 – сыныпты үздік бітіген оқушыларға демеушілік жасайды. Биылғы оқу жылында 11- сыныпты үздік бітірген оқушыға 300000 т ал 7-сыныпты үздік бітірген оқушыларға 100000 т сертификатын табыстады.
Сайыстан соң ауыл мешітінде құдайы тамақ беріліп, құран оқытылды.
Түсқайта оқушылар арасында спорттық сайыстар жалғасын тапты.
Ұйымдастырушы ауыл әкімшілігіне және белсенді азаматтарға алғыс білдіреміз!