“Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен “ М.Шоқай атындағы № 24 жалпы орта мектеп” базасында 3-4 cыныптар арасындағы «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру.
Білім додасына 17 ауданнан 169 бала қатысуда. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!