Анталиядағы халықаралық олимпиадаға қатысқан 12 оқушының 11-і жүлделі орындарға ие болды

2021-2022 оқу жылының 21 желтоқсан айында Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицей директоры Нысанкулова Лазат Жаналиевна Туркия мемлекетіндегі Халықаралық Туризм және меймандостық Академиясының ректоры М.С.Мурзамадиевамен ҚР 2025 жылға дейінгі даму жоспарының стратегиясын, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді тереңдете оқыту, ғылыми-практикалық жобаларды жүргізу және интеллектуалдық деңгейді жан-жақты дамытуды жүзеге асыру мақсатында меморандумға отырғандықтан, биыл да халықаралық олимпиадаға арнайы шақырту алды.

Ағымдағы жылдың 29 қазан — 5 қараша күндері аралығында Туркия мемлекетінің Анталия қаласындағы «Туризм Академиясының» жыл сайынғы ұйымдастыруымен (2-4), (5-9), (10-11) сынып оқушылары арасында өткізілетін жалпы білім беретін пәндерден Халықаралық олимпиада өтті.

Бұл білім додасына Қазақстан, Ресей, Азербайжан, Өзбекстан, Кения, Нидерландия, Украйна, Алжир, Иран, Ливан т.б мемлекеттерден оқушылар мен студенттер қатысады.

Олимпиада: математика, ментальды арифметика, орыс тілі, ағылшын тілі, физика, химия, биология, түрік тілі, география, дүниежүзі тарихы, сурет, қоршаған орта пәндерінен өтті.

Айта кетейік, №28 мектеп-лицейден олимпиадаға 12 оқушы қатысып, оның 11-і жүлделі орынға ие болды.

Бұл дегеніңіз, аталған оқу ордасы үшін өте жоғары жетістік болса, ал,Түркістан облысы үшін зор мақтаныш!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар